“Бейбітшілік пен келісім” жобасы биыл да жалғасады
“Бейбітшілік пен келісім” жобасы биыл да жалғасады
- Құрметті Жамбыл облысының тұрғындары!
Мемлекет басшысы – Қ.Тоқаевтың тапсырмасымен өткен жылы республика көлемінде алғаш рет Жамбыл облысында ғана өткізілген «Бейбітшілік пен келісім» жобасын биылғы жылы қайта өткізу жоспарланды. Бұл жоба өз жемісін беріп, барлығы-1144 іс-шара ұйымдастырылды. Жобаға 30 мыңға жуық адам тартылды. 1919 азаматтың мәселесін шешуге көмек берілді. 709 азаматқа медициналық көмек көрсетіліп, 236 адамға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды. Жемісті өткізілген жоба 2021 жылы жеті ауданда 1 наурыздан басталатын болады. 1-3 наурыз Меркі, 4-6 наурыз Шу, 9-11 наурыз Байзақ, 11-13 наурыз Жамбыл, 15-17 наурыз Талас, 18-20 наурыз Сарысу және 25-27 наурыз аралығы Қордай аудандарында өткізілетін хабарлаймыз. Жобаның жұмыс тобы құрамына облыс аумағындағы барлық құқық қорғау және мемлекеттік органдар мен қатар басқармалардың мамандары енгізілді. Жобаның негізгі мақсаты облыс тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, білім беру мен медициналық қызметтер сапасын жақсарту, діни білім деңгейін көтеру, азаматтарға арналған жылжымалы қабылдау өткізу, әлеуметтік мәселелерін шешу, үйме-үй жүру, бос жұмыс орындарының жәрмеңкелерін ұйымдастыру, халыққа несие беру бойынша кеңес беру, халықтың әлеуметтік осал топтарының мәселелерін шешу, заң аясында көмектесу, бизнесті қолдау және дамыту бойынша жүзеге асырылып жатқан жобалар мен мемлекеттік бағдарламалар туралы ақпараттандыру жұмыстарын жүргізетін болады. Шешілмеген мәселеріңіз бен көкейде жүрген сұрақтарыңыз болса аудандарыңызда ұйымдастырылатын жобаның жұмысшы тобымен кездесу мүмкіндігі бар. Бейбітшілік пен келісімдегі мемлекеттің мерейі әрқашан үстем болады!