Әбілхайыр Тамабек мерекеге орай тыл ардагеріне құрмет көрсетті
Бүгін халықаралық қарттар күні
Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек мерекеге орай тыл ардагеріне құрмет көрсетті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.
Мереке күнінде тыл ардагері Манау Айтжановтың шаңырағына арнайы барған Әбілхайыр Тамабек ел дамуы үшін елеулі үлес қосқан қарияның ерен еңбегін атап өтіп, ізгі тілегін арнады.
Ардагер өзіне көрсетілген құрмет үшін ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
Манау Айтжанов тыл ардагері, «Ұлы Отан Соғысы» басталғанда небәрі 7 жасар бала соғыс қиындықтарын көріп егін ору, шөп дайындау жұмыстарында анасына көмекші болған. Еңбек жолын Байқадам ауылында мәдениет үйінің меңгерушісі болып бастаған.
Әртүрлі салада есепші, бас есепші болып қызмет атқарған. Сарысу аудандық жол бөлімінің бас есепшісі болып зейнетке шыққан.