Жамбыл жаңалықтар

Билікөлге 50 мың дана шабақ жіберілді

Билікөлге 50 мың дана шабақ жіберілді

Облыстық Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Аслан Оразбеков Билікөлге арнайы барып, балық жіберу барысымен танысты. Барлығы 50 мың тұқы тұқымдас шабақ түрі арнайы көлікпен көлге жіберілді.

Аталған көл балық шаруашылығы су айдыны ретінде 2016 жылдың 5 сәуірінде Жамбыл облысы әкімінің қаулысымен «Жуалы и К» ЖШС-ға бекітіліп берілген. Ол Жуалы ауданындағы аумағы жағынан үлкен су айдын болып келеді. Сондықтан балық шаруашылығын жүргізуге қолайлы орын ретінде ерекше атап өтуге тұрарлық.

«Бұған дейін Жуалы өңіріндегі «Теріс-Ащыбұлақ« су айдынына 10 мың балық шабағын жіберілген еді. Сондай-ақ, облыс аумағындағы «Шапаловское», «Жиеналы», «Кеңес-2», «Таскөл», «Аспара және Қаратума», «Дихан», «Майбұлақ», «5-ферма» су айдындарында 56 мыңнан астам шабақ түрлері тасталған болатын. Бұл шабақ түрлерінің басым көпшілігі өңіріміздегі «Сандель» шаруа қожалығының тәлімбағынан тікелей жеткізілуде»,-дейді Жамбыл облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Аслан Оразбеков.

Аймақтағы су айдындарын балықтандыру жұмыстары тұрақты түрде жалғаспақ.

 

inform.kz