Жамбыл жаңалықтар

Биыл ауыл шаруашылығы саласында жаңа 9 жоба іске қосылды – Ербол Қарашөкеев

Ауқымды жобалардың құны 9,7 млрд теңгені құрайды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев биыл өңірдегі агроөнеркәсіп кешенінде 9 жаңа жоба іске қосылғанын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Ербол Қарашөкеев мәлімдегедей, облыста агроөнеркәсіп кешенінде жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жұмыстары ерекше бақылауда. Оның сөзінше, алдағы 3 жылда құны 272 млрд теңгені құрайтын 40 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. Осылайша 1141 жаңа жұмыс орнын ашылмақ.

Сонымен қатар облыста СҚО тәжірибесін кеңейту нәтижелі жүзеге асып жатыр.