Жамбыл жаңалықтар

Биыл облыста 161 млрд теңгеге 26 инвестициялық жоба іске асырылады

Өңірге тартылған инвестиция көлемінің өсу қарқыны бойынша облыс республикада 3-ші орында

ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев жыл басынан облыс экономикасына 553,6 млрд теңге инвестиция тартылғанын айтты, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Облыс әкімінің сөзінше, оның 82%-ы жеке меншік қаражат есебінен қарастырылған. Инвестициялардың жалпы көлеміндегі жеке инвестициялар үлесі бойынша облыс көшбасшы 5-тік қатарында.