Жамбыл жаңалықтар

Биыл жамбылдық шаруалар қанша өнім жинады

Аймақта масақты дәнді дақылдар толығымен орылды

Жамбыл облысында күзгі жиын-терін науқаны басталып, шаруалар дәнді-дақылдар мен бақша өнімдерін қамбаға түсіріп жатыр , деп хабарлайды  Jambylinfo.kz
Биыл Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес және аграрларды вегетациялық кезеңде суармалы сумен қамтамасыз етуде туындайтын проблемаларды ескере отырып, ылғал көп қажет ететін дақылдар алқаптарын қысқарту бойынша жұмыстар жүргізілген. Осылайша ағымдағы жылы көктемгі дала жұмыстарының барысында, облыста 144,4 мың гектар жер жыртылып , 323,6 мың гектар алқап өңделген. Сондай-ақ жаздық дақылдарға қажетті 44,8 мың тонна тұқым көлемі толық дайындалып, себілген.  

Сонымен қатар 415,4 мың гектар алқапқа 83,1 мың тонна минералды тыңайтқыштарды ендіру жоспарланған. Бүгінгі күні 1030 ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші субъектілері тарапынан 62,3 мың тн минералды тыңайтқыш алынып, 311,4 мың гектар алқапқа ендірілген. 

Маманның сөзінше, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері тарапынан электрондық түрде 1 744 өтінім қабылданған. Осылайша ағымдағы жылғы көктемгі дала жұмыстары үшін 10,8 мың тонна жанар-жағармай бөлінген.

Айта кетейік,  көктемгі дала жұмыстары үшін бөлінген көлемнің  10,5 мың тонна жеңілдетілген дизель отынына операторлар тарапынан қаражат төленіп, 8,6 мың тоннасы облысымызға жеткізілген. Нәтижесінде, бүгінгі күні жеткізілген көлемнің 8,6 мың тоннасы облыс агроқұрылымдарына толық таратылып отыр. 

Жиын-теріннің уақытылы жүзеге асуы арнайы техникаларға байланысты. Бүгінгі күні қолда 9 650 дана ауыл шаруашылығы техникасы бар. Алайда бәрі жаңа деуге келмейді. Сондықтан жартысына жуығы жарамсыз болғандықан есептен шығарылған. Тұңғыш Жанұзақов агросектордағы техникаларды жаңалау жұмыстары жүріп жатқанын айтты. 

Сондай-ақ су үнемдеу технологиясын енгізу бойынша атқарылып жатқан шаруа аз емес. Мәселен, биыл 54,5 мың га алқапқа су үнемдеу технологияларын енгізу көзделуде.