Біз әлемді үлкен кітапханаға айналдырамыз
Біз әлемді үлкен кітапханаға айналдырамыз
Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасы 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап күніне орай кітаптың адам өміріндегі маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіре отырып көпшілікке кітап оқудың қажеттілігін насихаттап, кітапхана ісін заманауи бағытта дамытып, жаңа тың идеяларды іргерлетумақсатында «Біз әлемді үлкен кітапханаға айналдырамыз» атты Кітапханалық бульвармерекелік шара Тараз қаласы Қайрат Рысқұлбеков саябағында түрлі форматта өткізілді.
Кітапханалық бульвар шымылдығы әдеби-шығармашылық концертпен ашылып,Ә.Нұршайықовтың 100 жылдығына арналған «Махаббат, қызық мол жылдар» романынынан үзінді оқылып, Шерхан Мұртазаның шығармасының ең үздік кейіпкері сомдалды. Ал, аймақтың өнер шығармашылық орталықтарының өнерпаздары музыкалық номерлерін оқырманға паш етіп, қала тұрғындары мен қонақтарға спорттық дойбы, шахмат және тоғыз құмалақ т.б. ойындар ойнатылды.
Сондай-ақ Библиокафе мәзірінде танымал шығармалар мен туындылардан ас әзірленіп, Шатырлы қалашығының жастары жергілікті ақындардың жыр-шумақтарын орындап, Этноауылдың әжелері салт-дәстүрді жаңғыртып, ертегі оқып психологиялық қолдау өзін-өзі тану тренингтері ұсынылды.
Сонымен қатар жанды 3-Д форматында кітап инсталяция көрмесін ұсынып, (А.Торайғыров, М. Жұмабаев, Шерхан Мұртаза, Мәшхүр Жүсіп Көпейұлы) мен түрлі тақырыптарды қамтыған кітап көрмелері ұсынылды.
Шараға «Болашақ» мектеп-интернаты,зағип оқырмандар және Жоғары арнаулы орта оқу орындарының студенттері, волонтерлар, үкіметтік емес жастар ұйымдарының өкілдері, облыс тұрғындары белсене қатысып, жақсы әсерлерімен бөлісіп, кітапхана ұжымына алғыс білдірді.