«Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» тақырыбында сотталғандармен кездесу өтті
Бұл туралы ҚАЖД №58 мекемесінің баспасөз хатшысы мәлімдеді
Жамбыл облыстық қылмыстық атқару жүйесі департаменті №58 мекемесінде «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» тақырыбында «Қоғамдық келісім» мекемесі Медиация кабинетінің меңгерушісі Валентина Досыбиевамен кездесу өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Жиында Валентиен Николаевна «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» тақырыбында баяндама жасады.
– Әрбір азамат бірлікті нығайту үшін қызмет етуі керек. Бұл қызмет ешқашан тоқтамайды, үздіксіз жалғаса береді. Өйткені бірлік болса ғана, тірлік болады. Біз осы мызғымас қағидаға әрдайым адал болуымыз керек. Татулық пен келісімнің ерекше маңызды екенін жұрттың бәрі бірдей сезінбеуі мүмкін. Сол себепті кейде “Ассамблеяның қажеті жоқ” деген ұшқары, яғни, күмәнді пікірлер айтылып жатады. Шын мәнінде, Ассамблея – мемлекеттілігіміздің іргесін бекітіп тұрған басты институт. Қазақстан халқы Ассамблеясы – бірлігімізді нығайтуға қызмет ететін бірегей құрылым. Ассамблея қасиетті қазақ жерін мекен еткен барша этносты ұйыстырып отыр. Онда еңбек етіп жүрген азаматтарды бірліктің елшісі деуге болады. Баршаңыз осы маңызды миссияны абыроймен атқара бересіздер деп сенемін”, – деген болатын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының “Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму” атты ХХХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде.
Қазақстан халқы Ассамблеясының еліміздің халықаралық беделін арттырудағы, тұрақтылық пен ішкі бірлігін нығайтудағы ықпалы өте зор. Әлеуметтік, этникалық және діни тұрақтылықты сақтау біздің еліміздің айтулы жетістігі болып табылады. Этносаралық келісім мәселелері мемлекет пен қоғамның басты назарында»-деді Валентина Досыбиева.