Жамбыл жаңалықтар

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы: Жамбыл облысына 179 жас маман келді

«Дипломмен ауылға» бағдарламасы: Жамбыл облысына 179 жас маман келді

Жастарды қолдау мақсатында елімізде көптеген жобалар жүзеге асырылуда. Солардың бірі – жас мамандарды ауылға тартатын «Дипломмен ауылға» бағдарламасы. Жалпы бұл жобаның әлеуметтік мәні зор. Бұл жайында Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев айтты. Себебі, бұл бағдарлама тек жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін шешуге бағытталмаған, ол – еңсесі түскен елді мекендерді қайта жандандыруды да көздейтін үлкен жоба.

Ол ағымдағы жылы бөлініспен келген жас дәрігерлердің саны 147 екенін де жеткізді. Оның 43-і резидентураға түсіп, білімдерін жетілдіріп жатса, 13-і жұмыстарын жалғастыру үстінде.

Ал қазіргі таңда аталған әлеуметтік көмекті 28 адам алған. Оның 5-еуі – былтыр, 23-і осы жылы келген жас маман болса, 22-сі құжаттарын енді өткізіпті. Еңбек жолын елді мекеннен бастаған жастардың ішінде біреуі республикалық бюджет есебінен тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – 1500 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын сомада бюджеттік несие алды. Баспана мәселесін шешіп алған жас маман қазір Шу ауданында алаңсыз жұмысын істеп жүргенін айтады Әсет Қалиев.

Биыл аймаққа келген 18 жас маман тұрғын-жаймен қамтамасыз етілген. Жуалы, Мойынқұм, Сарысу, Талас аудандарында еңбек етіп жүрген 11 кадрға қызметтік үй берілгені тағы бар. 1-еуі жатақханаға, Таласқа жіберілген 3 қызметкер қонақ үйге орналастырылған, 1-еуінің үй жалдау ақысы мекеменің есебінен төленуде.

Әсіресе, денсаулық сақтау саласында көп түйткілдің түйіні дәрігерлердің жетіспеушілігінде жатқан көрінеді. Мәселен, емханаларға тіркелген тұрғындар саны көп, дәрігер аз, тиісінше жүктеме қалыптан тыс көбейіп кетеді.

baq.kz