Жамбыл жаңалықтар

«Экстремизмге жол жоқ». Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері жамбылдықтармен кездесті

Іс-шарада 400-ден астам адам қамтылды

Жамбыл облысында Қазақстан Республикасы  мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жамбыл облысы тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Аталған кездесулердің мақсаты халықтың дінтанулық сауаттылығын арттыру және дін саласындағы мемлекеттік саясатты түсіндіру жұмыстарын жүргізу арқылы қоғамда жалған діни идеялардың таралуын болдырмау және діни экстремизмнің алдын алу болып табылады.

Аталған бағытта жалпы саны 20 іс-шара ұйымдастырылып, 400-ден астам адам қамтылды.

Аталған іс-шараға Тайтелиев Файзулла Тажмұхамедұлы – Шымкент қаласы, «Ақниет» ақпараттық насихаттау және оңалту оратлығы ҚҚ сарапшы, Мутанов Самғат Маратұлы – Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының бас маманы, теолог, Тағай Айбек Жолдасбекұлы – Түркістан облысы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» бөлім басшысы, теолог, Жорабек Жалғас Мұхтарұлы – Түркістан облысы, «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» бөлім басшысы, дінтанушы - секілді дін мәселелері бойынша Республикалық деңгейдегі ақпараттық түсіндіру тобының мүшелері қатысты. 

Түсіндіру тобының мүшелері Жамбыл облысы бойынша тұрғындардың әртүрлі санаттарымен кездесіп, «Діни экстремизм мен терроризмнің ықпалынан сақтану», «Жастар арасында діни сауаттылықты арттыру», «Дәстүрлі діндердегі рухани құндылықтар», «Дін және зайырлылық», «Теріс діни ағымдардың ықпалынан сақтану» және т.б тақырыптарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді.   

Кездесулер барысындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында мектеп оқушылары мен мұғалімдері, жастар, спортшылар мен жаттықтырушылар және түзету мекемесінде жазасын өтеушілер және т.б. тұрғындар қамтылды.