Жамбыл жаңалықтар

Елге заңсыз жолмен мигранттарды кіргізген қордайлықтар ұсталды

The final spritzer

3 азамат заңсыз іспен ұзақ уақыттан бері айналысқан

Елге заңсыз жолмен мигранттарды кіргізген қордайлықтар ұсталды, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz.

Прокуратура дерегінше, өткен жылы Қордай ауданы Енбек ауылының жанында шекара қызметімен бақылау-өткізу пунктінен тысқары жерде Қырғыз Республикасымен мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткен Өзбекстанның үш азаматы ұсталған.

Құқық бұзушыларға қатысты аудан прокуратурасы мен шекара қызметі ҚК-нің 392-бабы 1-бөлігімен қылмыстық істер тіркеп, тергеу нәтижесімен қылмыстық істер аудандық сотқа жолданыпты.  

Бұл баптың санкциясында 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған. Осылайша, Қордай ауданында шекара аумағындағы заңсыз көші-қон арналарының бірі тоқтатылды.