Еліміз бойынша 1363 бала қызылша жұқтырған

Ауруға шалдыққандардың 75 пайызы вакцина салдырмаған
Биыл 1363 бала қызылша жұқтырған. Қызылша жұқтырған балалардың ең көбі Жамбыл облысында тіркелген, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz qazaqstan.tv сілтеме жасап.
300- ге жуық бала ауырған. Екінші Астана, үшінші кезекте Ақмола облысы. Дегенмен, мамандар биыл қызылша жұқтырғандардың саны былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда айтарлықтай аз деді.
Мәселен, былтыр 21 мыңнан аса бала қызылшамен ауырған. Сондай-ақ көкжөтелге шалдыққан балалардың да саны былтырғымен салыстырғанда едәуір аз. Өткен жылы 550-ге жуық, биыл 183 жағдай тіркелген. Олардың 89 пайызы екпе салдырмаған. Сондықтан мамандар дер кезінде екпе алуға кеңес береді.
Эльмира Құрбанбекова, ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының бас маманы:
Еске салайық, елімізде еуропалық иммундау апталығы басталды. 3 мамырға дейін бір апта бойы түрлі ауруларға қарсы егілетін вакциналардың маңызы түсіндіріледі. Еуропалық иммундау апталығын 53 мемлекет қолдап отыр. Жалпы елімізде инфекциялық ауруларға қарсы 21 вакцина салынады.