Жамбыл жаңалықтар

Ербол Қарашөкеев Паралимпиадада күміс жүлде алған Нұрдәулет Жұмағалиды құттықтады

Облыс әкімі параспортшы отандастарының сенімін ақтағанын атап өтті

Ербол Қарашөкеев Паралимпиадада күміс жүлде алған Нұрдәулет Жұмағалиді құттықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Нұрдәулет Жұмағали Паралимпиада ойындарының финалында SB13 санатында 100 метрге брасс әдісімен жүзуден бақ сынап, ел қоржынына күміс медаль сыйлады.