«Эта девочка по-порядно»: Қазақстандағы ең танымал әндердің бірін жазған жігіт Таразда әскери борышын өтеп жүр
Ғалымжан Дүйсенғазиннің осы әніне жастар талай rells түсірген
Хитке айналған «Эта девочка по-порядно» әнінің авторы Абай облысы, Аягөз қаласында туып өскен Ғалымжан Дүйсенғазин. Ол бүгінде Тараз қаласында әскери борышын өтеп жүр. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5513 әскери бөлімінің сарбазы, қатардағы жауынгер. Әскери борышын өтеп жүрген сарбаздың үйіне қайтуына 13 күн уақыт ғана қалыпты, деп жазады jambylinfo.kz.
Ғалымжанның музыкалық білімі жоқ. Оның атасы Дүйсенғазы ел ішінде домбырамен тамылжыта ән айтқан екен. Ғалымжанның жақындары бұл өнер атасынан берілген деп топшылайды. Әскери өмірді әнмен әрлеп жүрген жігіттің жас жеткіншектерге де өз айтары бар.