Жамбыл жаңалықтар

«Jambyl» телеарнасының 35 жылдығына орай салтанатты жиын өтті

Іс-шарада телеарна қызметкерлері марапатталды

«Jambyl» телеарнасының 35 жылдығына орай салтанатты жиын өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Биыл «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының Жамбыл облыстық филиалы, «Jambyl» телеарнасының құрылғанына биыл 35 жыл толды. Аймақтағы ақпарат алаңында алар орны ерек арнаның мерейтойына арналған салтанатты жиын өтті. 
Іс-шараға облыс әкімдігінің аппарат басшысы Лесбек Ілебаев, «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов, «Ontustik» телеарнасының директоры Саламат Омаш, "Qyzylorda" телеарнасының директоры Нұрбек Амиша және облыстың басқа да елеулі тұлғалары қатысты. 
Жиында облыс әкімдігінің аппарат басшысы Лесбек Ілебаев телеарна ұжымына деген облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің және Президенттің кеңесші-баспасөз хатшысы Берік Уәлидің құттықтауын жеткізіп, «Jambyl» телеарнасының бірқатар қызметкерін марапаттады. 

Фото - Юрий Ким
Бұдан кейін «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дауыл Бейсенқұлов Amanat партиясының хатшысы Дәулет Кәрібектің мерейтойға арналған құттықтауын оқып, телеарна қызметкерлеріне «Алғыс хат» табыстады. 
Мерейтойлық жиында облыстағы басты арнаның алдағы жоспарлары кеңінен айтылып, жаңа маусымда көреремендерге ұсынатын тың жобалары да таныстырылды. Мәселен, биыл телеарна ұжымы түрлі саланы қамтитын әлеуметтің сұранысына сай 19 бағдарламаны жарыққа шығарып отыр. 
Айта кетейік, қасиетті Әулиеата жерінде 1989 жылдың 1 қарашасында облыстық телеарна өз жұмысын бастаған.