«Көкірекбаевтың ақылы жетпеді». Тараздың қақпасынан Фирдаусидің өлеңін алған әкімге Амалбек Тшанов не айтты
Талай ғасыр бұрын қағазға түскен өлеңді сол кездегі әкім Кәрім Көкірекбаев айтыста айтылған бір шумақ үшін алып тастаған
Кәрім Көкірекбаевтың оқыс шешімінен кейін Амалбек Тшанов телефон арқылы сөйлескенде арадағы әңгіме қалай болғанын айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Амалбек Тшанов Кәрім Көкірекбаевтан бұрын Жамбыл облысын басқарған. Сол уақытта Таразға кірер жердегі қақпа «Тшанов қақпасы» деп аталып жүрді. Оған ежелгі заманның ақыны Фирдаусидің «мөп-мөлдір көздің қарасын, Тараздан ғана табасың» деген өлеңі жазылған еді. Алайда Кәрім Көкірекбаев ел тізгінін ұстаған тұста айтыста айтқан ақынның сөзі үшін оқыс шешім қабылдап, «қыздардың жарнамасы іспетті» деген желеумен алып тастаған. Амалбек Тшанов бұдан кейін Көкірекбаевпен телефон арқылы сөйлескенін айтты.