Жамбыл жаңалықтар

Күреңбел ауылында таза ауызсу жүйесі іске қосылды

Бұл туралы Жуалы ауданының әкімдігі мәлімдеді

Республика күні қарсаңында Жуалы ауданына қарасты Күреңбел ауылдық округінде көптен күткен таза ауызсу жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бұл жоба ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға және елді мекендерді сапалы ауызсумен қамтамасыз етуге бағытталған.

Салтанатты шараға Жуалы ауданының әкімі Жалғас Мұртаза, ауылдың қадірлі ақсақалы Жетпіс Көпбаев, алқа би төрағасы Еркебай Нағашбеков және жобаның сәтті жүзеге асуына үлес қосқан «ТаразСтрой – 2004» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорының орынбасары Жәкен Ақтөре қатысты.

Олар ауыл тұрғындарын қуанышты сәтпен құттықтап, жаңа нысанның игілігін халық ұзақ жылдар бойы көруіне тілектестік білдірді.

Жиын соңында аудан әкімі мен ауыл ақсақалдары жаңа ауызсу жүйесінің лентасын қиып, нысанды ресми түрде пайдалануға берді.

Ауызсу жүйесінің құрылыс-монтажтау жұмыстары биылғы жылдың 15 сәуірінде басталып, 24 қазанында аяқталған. 

Жобаның келісімшарт құны – 986 102 967 теңге. Жобалаушы ұйым – «Кантри-М» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болса, бас мердігер – «ТаразСтрой – 2004» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.