Жамбыл жаңалықтар

Келешек мектептері: Шөлдалада 600 орындық білім ұясы ашылды

Оқу орны “ Келешек мектептері” ұлттық жобасы аясында бой көтерген

Бүгін Тараз қаласындағы Шөлдала алабында 600 орындық білім нысаны ашылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Салтанатты шараға облыс әкімі Ербол Қарашөкеев, қала әкімі Бақытжан Орынбеков және жергілікті тұрғындар қатысты.

Жиналғандарды оқу ұясының ашылуымен құттықтаған аймақ басшысы «Келешек мектептері» жобасы бойынша бүгінге дейін 6 мектеп пайдалануға беріліп, мыңдаған бала заманауи талаптарға сай, қауіпсіз әрі қолайлы ортада білім алып жатқанын айтты.