Жамбыл жаңалықтар

Конституцияның 30 жылдығы: Жамбыл облысының ХҚКО-ларында жаңа акция басталды

Аталған іс-шара алдағы уақытта жалғаспақ

«Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» атты ұлттық іс-шаралар жоспары аясында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай бүкіл ел бойынша «ATAZAN_AZAMAT_KZ» республикалық челленджі бастау алды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Бүгін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Жамбыл облысы бойынша филиалы аталмыш акцияға қосылып, Халыққа қызмет көрсету орталықтарында маңызды құжат – жеке куәлікті алғаш рет алған азаматтарға салтанатты түрде табыстады.

Аталған іс-шара челлендждің жарқын бастамасы болып, алдағы уақытта облыстың барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтарында жалғасын таппақ.