Жамбыл жаңалықтар

«Коньяк пен насыбай». Тараздық азамат түрмеге зат лақтыру үстінде ұсталды

Оқиға кеше қас қарайғанда болған

Облыс бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаменті №58 мекемесінің режимдік күзет бекетінің қызметкерлері тасадан келіп, түрмеге зат лақтырмақ болған азаматты дер кезінде ұстады, деп хабарлайды  Jambylinfo.kz
Мекеменің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, шілденің 18-і күні сағат кешкі 19:30 шамасында №58 түзеу мекемесінің маңына жасырын түрде келген азамат ішкі аумаққа зат лақырмақ болған. Ұрымтал сәтті пайдаланғысы келген күдіктіні күзет бекетінің қызметкерлері жедел әрекет ету арқылы ұстады. Анығы, 44 жастағы азамат Тараз қаласының тұрғыны. Түрмедегілердің қамын жеген күдіктінің дорбасынан коньяк, насыбай, құлаққап, 2 қуаттағышымен 4 телефон табылып, тәркіленген.