Жамбыл жаңалықтар

«Лаңкестер шабуылдады»: Тараз полициясын аяқтан тік тұрғызған оқушының ісі тергеліп жатыр

«Лаңкестер шабуылдады»: Тараз полициясын аяқтан тік тұрғызған оқушының ісі тергеліп жатыр

Таразда 11 жастағы бала әзілдеймін деп, әпкесінің телефонынан полицияға қоңырау шалып, лаңкестердің мектепке шабуыл жасағаны туралы хабарлаған, деп хабарлайды Jambylinfo.kz   Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап.

ІІМ мәліметінше, қоңырау түскен бойда барлық шұғыл қызметтер көрсетілген мекенжайға тез арада жетті. Оқу орнынан 750 адам эвакуацияланды. Полиция қызметкерлері бүкіл ғимаратты және оған іргелес аумақты толық тексерді.

Осы факті бойынша ҚК-нің 273-бабы –  “Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Елімізде терроризм актісі туралы жалған хабарламалар таратқаны үшін жаза қатаң. Бұл бес мың АЕК-ке дейінгі айыппұл немесе бес жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы. Егер қылмысты кәмелетке толмаған бала жасаса, жауапкершілік оның ата-анасына немесе заңды өкіліне жүктеледі.