Жамбыл жаңалықтар

Мәдениет және өнер қызметкерлері күні: Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев бірқатар азаматты марапаттады

The final spritzer

Өңірде 504 мәдениет және тілдерді дамыту мекемелері халыққа қызмет көрсетуде

Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылындағы «Достық» демалыс орнында өткен салтанаттын жиын барысында әулиеаталық мәдениет майталмандарына құрмет көрсетілді, - деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Шара барысында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев егемен елімізде мәдениет саласының дамуына мемлекет тарапынан ерекше қолдау көрсетіліп отырғанын жеткізді. Облыс әкімі биыл бұл салаға 16,5 миллиард теңге бөлінгенін, аталған қаражат өткен жылмен салыстырғанда 7,8 пайызға артқанын айтты.

Мұнан соң, сөз алған «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрағасы Дүйсенәлі Бықыбаев әріптестеріне жылы лебізін білдіріп, мәдениет өкілдеріне жан-жақты қолдау көрсеткен жергілікті атқарушы билік өкілдеріне шынайы алғысын айтты.

Жиын соңында мәдениет саласын дамытуға қосқан үлесі үшін  бірқатар азаматтарға «Құрмет» ордені, «Барыс» және «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісі, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі, «Еңбек ардагері» медалі мен облыс әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаты сондай-ақ қаржылай сыйақы табыс етілді.