Жамбыл жаңалықтар

Мәулен Әшімбаев жамбылдық жастармен кездесті

Онда ел Президентінің бастамасымен іске асырылып жатқан жастарды қолдауға арналған ұлттық бағдарламалар мен заңнамалық шаралар әңгімеге арқау болды

Сапар аясында сенаторлар Жамбыл облысының дарынды және белсенді жастарымен жүздесті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz 

Мәулен Әшімбаев өз сөзінде жас буынның елді жаңғыртуда елеулі рөл атқаратынын айтып, қазіргі таңда жаңа көзқарастар, ғылыми ізденістер, тіл үйрену, заманауи цифрлық технологияларды зерделеу, жасампаз құндылықтар мен прогрессивті идеяларды сіңіру аса маңызды екеніне назар аударды.

Сенат Төрағасы Палатаның жастарды қолдау бағытындағы жұмыстары жөнінде де айтып өтті. Бұл ретте жас белсенді азаматтарды мемлекеттік басқару саласына тартудың және тиісті жобалар мен заңнамаға өзгерістер енгізу арқылы олардың әлеуетін арттырудың маңызы зор екені анық. Кездесуде Сенат жанындағы Сарапшылар клубы мен «Талдау мектебі» сияқты қоғамдық жобалар осы мақсатты көздейтіні айтылды.