Жамбыл жаңалықтар

Малшылар күні: Жамбылда омарташылар форумы өтті

The final spritzer

Форумды жиын модераторы, омарташы, ғалым Олег Крупский ашып, жүргізді

Маусым айының екінші жексенбісі – «Малшылар күніне» орай, Тараз қаласындағы «Самал» шипажайында республикалық «Омарташы мамандығы – тарих және қазіргі заман» тақырыбында сала мамандарының дәстүрлі форумы өтті, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

«Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп ғылыми зерттеу институтының» ұйымдастыруымен өткен ауқымды форумға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен облыс Жамбыл облысы әкімдігі Ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері, республикалық омарташылар қауымдастығының мүшелері және биосфера саласын ғылыми тұрғыда зерттеп жүрген шетелдік ғалымдар қатысты.

Аталған институттың аға қызметкері Ұлжан Нұралиеваның айтуынша, бұл форум Президент тапсырмасына сәйкес жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткізілуде.

Форумды жиын модераторы, омарташы, ғалым Олег Крупский ашып, жүргізді. Жиын аясында омарташыларға бағыт-бағдар берілді. Мінбеге көтерілген баяндамашылар ара өсірудің сан түрлі технологиясымен, бұл саланы жетілдіру мақсатында мемлекет тарапынан қаралған жобалармен бөлісіп, келелі әңгіме өткізді. Форум модераторлары тарапынан жақсы жұмыс көрсете алған омарташылар арнайы марапаттармен марапатталды.

Сондай-ақ ара өсірушілердің омарташылар жәрмеңкесі де ұйымдастырылды. Iс-шараға қатысқан жергілікті қала тұрғындары мен қонақтары дәмі тіл үйіретін таза табиғи өнімнің дәмін татып көруге мүмкіндік алды.          

Айта кетейік, жалпы елімізде 12 мыңнан аса омарташы бар. Олар 600 мыңнан аса ара ұясын ұстап отыр. Жылына шамамен олар 5 мың тоннадан өнім жинайды. Шет елге 450 тонна өнім экспортталады. Негізгі экспортталушы елдер қатарында Өзбекстан, Біріккен Араб Әмірлігі мен Қытай Республикасы бар. Енді Еуропа елдеріне экспорттау жоспарлануда. Ал ара өсірумен Жамыл облысында 500-ден аса омарташы айналысуда.