Мас жүргізуші - қылмыскер
Мас жүргізуші - қылмыскер
Жамбыл облысының Полиция департаменті апта сайын мас күйінде көлік басқаратын жүргізушілерді анықтау бойынша "Мас жүргізуші-қылмыскер!" жедел- алдын алу іс-шарасын жүргізеді. Ағымдағы жылдың 11-13 ақпаны аралығында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 1106 жол қозғалысы ережесін бұзу дерегін тіркеді, 11 мас жүргізушіні анықтады. 2022 жылғы 11 ақпандағы рейд барысында елді мекендердің бірінде тәртіп сақшылары 42 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруымен "Мерседес" маркалы автокөлікті тоқтатты. Жүргізушіден спирттің иісі шығып тұрды, медициналық куәландыру мас болғанын растады. Көлік айып тұрағына қойылды. Тәртіп бұзушыға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды, бұл бапта 15 тәулікке қамаққа алу және 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру түріндегі жаза қарастырылған. - Көлік құралын мас күйінде басқару жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіретін өрескел құқық бұзушылықтардың бірі болып табылады. Жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырамыз, - деп хабарлады Жамбыл облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция полковнигі Рахымберді Әшкеев. Автокөлікті мас күйінде жүргізгендер туралы "102" пультіне қоңырау шалу арқылы немесе "zhambyl_police" және "taraz_police"Instagram ресми парақшаларына жазу арқылы хабарлауға болады. Барлық келіп түскен сигналдар бойынша полиция қызметкерлері дер кезінде ден қойып, қажетті шараларды қабылдайды