Жамбыл жаңалықтар

"Маска болмағаны үшін айыппұл салынады". Жамбыл облысының әкімдігі Желіде тараған хабарламаны жоққа шығарды

"Маска болмағаны үшін айыппұл салынады". Жамбыл облысының әкімдігі Желіде тараған хабарламаны жоққа шығарды

Жамбыл облысында маска тағу режимінің сақталуын қадағалайтын мобильді топтар туралы хабарлама тарап жатыр. Әкімдік бұл ақпаратқа түсінік берді.

Instagram-дағы @taraz_v_obektive парақшасында қалада маска тағу тәртібін тексеретін мобильді топтар жұмыс істейтіні туралы хабарлама жарияланды. Жазба авторы жеке қорғаныс құралдарынсыз үйден тыс жерде жүргендердің барлығына айыппұл салынады дейді.

Жамбыл облысының әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Ведомство өкілдері көңіл көтеру орындарының иелеріне бас санитар дәрігердің қаулысындағы талаптарды бұзған жағдайда айыппұл салынатынын атап өтті.

Бұған дейін осындай мәтіні бар хабарлама Нұр-Сұлтан қаласының және еліміздің басқа да қалаларының тұрғындары арасында мессенджерлерде тараған болатын.

  Stopfake.kz