Жамбыл жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың Байзақ ауданында болған төтенше жағдайдың салдарын жою жөніндегі есебін телефон арқылы тыңдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың Байзақ ауданында болған төтенше жағдайдың салдарын жою жөніндегі есебін телефон арқылы тыңдады

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты ЖД-158/7 мекемесі қызметкерлерінің қырағылығының арқасында тыйым салынған заттардың мекемеге ену дерігінің жолы кесілді. – Келіп түскен жедел ақпаратқа сәйкес мекеме қызметкерлері дереу әрекет жасады. Мекеме қызметкерлері күдік тудырған Тараз қаласының 27 жастағы тұрғынын ұстады. Ер азаматтан 2 дана рогатка және жапсырмамен оралған 26,14 граммды құрайтын 3 дана «каннабис шайыры» табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 296 бабының 3 бөлігіне сәйкес, қылмыстық іс қозғалып, ұсталған азаматтан ешқайда кетпеу туралы қолхат алынды. Өкінішке орай, қабылданған барлық профилактикалық іс-шараларға қарамастан, жазасын өтеушілердің туыстары, достары және басқа да адамдар сотталғандарға тыйым салынған заттарды лақтыру және енгізу әрекеттерін жалғастыруда. Өз кезегінде, ҚАЖ қызметкерлерінің қырағылығының арқасында мұндай әрекеттер дереу тоқтатылады, – деді аймақтық ҚАЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі