Мемлекет басшысы Тараздағы аритмология клиникасының жұмысымен танысты
Мекеме бір ауысымда 150 адамға дейін қабылдай алады
Президент жүрек соғысының бұзылуын жедел емдеуге маманданған медициналық мекемеге барды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Өңірдегі бірегей орталық жүректі радиожиілік пен криоаблация тәсілдерімен емдейді. Қасым-Жомарт Тоқаевқа клиниканың кардиологиялық және кардиохирургиялық көмек, соның ішінде жоғары технологиялық араласу арқылы дәрігерлік жәрдемнің толық спектрін көрсете алатыны жөнінде баяндалды.
Мекеме бір ауысымда 150 адамға дейін қабылдай алады. Сондай-ақ 47 орындық стационар бар. Орталыққа құйылған жалпы инвестиция көлемі 2,5 миллиард теңгені құрады.