Мемлекетке 22 млн теңге зиян келтірген «Таза-Талас» басшысы сотталды
Сот оны жеті жыл бас бостандығынан айырды
Жамбыл облысында «Таза-Талас» басшылығы мемлекеттік мүлікті жымқырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Жамбыл облысының прокуратурасы хабарлағандай, заң бұзу фактісін Талас ауданының прокуратурасы анықтаған.
Мәліметке сүйенсек, «Таза-Талас» басшысы компания теңгерімінде тұрған 4 автокөліктерді жалған құжатпен, яғни, заңсыз жолмен үшінші тұлғаларға сатып жіберген.
Осылайша, Талас аудандық сотының 2024 жылғы 13 маусымдағы үкімімен «Таза-Талас» мекемесінің директоры және оның орынбасарына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым сала отырып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.