«Меркі-Шу-Бурылбайтал» тасжолының ұзындығы 257 км болатын бөлігінде қозғалыс ашылды
«Меркі-Шу-Бурылбайтал» тасжолының ұзындығы 257 км болатын бөлігінде қозғалыс ашылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысы аумағында құрылысы жүріп жатқан республикалық маңызы бар «Меркі-Бурылбайтал» автомобиль жолының бір бағыты бойынша ұзындығы 257 шақырымды құрайтынбөлігінде қозғалыс ашылды.
Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев Шу ауданына жұмыс сапары барысындаҚРИндустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Төлеген Тұрсынұлы Абдуллинмен бірге аталған жол аумағында болып, атқарылған жұмыстармен танысты.
Мұнда негізінен жол төсемі және 7 көпір мен жол өткелдерінің, оның ішінде Шу өзені арқылы өтетін ұзындығы 204 метр болатын ең үлкен көпірдің құрылысы аяқталып, мерзімінен бұрын жаңа бағытта қозғалыс ашылып отыр. Жоба құны – 15 млрд. теңге.
Бұл учаскенің ашылуы автокөлік қозғалысы үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз ете отырып, елді мекендер арасындағы жол уақытын едәуір қысқартуға, Шу қаласының көше-жол желісіндегі жүктемені азайтуға мүмкіндік бермек.
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы директоры АйжанТуғанованың айтуынша, ұзындығы 62 шақырымды құрайтын «Шу-Хантау» учаскесі жоспардан 6 ай бұрын толығымен аяқталып, пайдалануға берілген.
Үкімет басшысының қолдауымен келер жылы«Шу-Благовещенка» автомобиль жолының күрделі жөндеу жұмыстарын бастау үшін қаражат бөліну мәселесі шешімін тапты.
Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев бұл жобалардың маңыздылығын баса айтып, еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінің аралығындағы, сонымен қатар көрші Қырғыз Республикасымен транзиттік әлеуетінің өсуін қамтасыз ететіндігін жеткізді.