Жамбыл жаңалықтар

Меркіде Республика күніне орай спорт кешені пайдалануға берілді

Тәтті ауылында ашылған спорт нысаны жеке инвестиция есебінен бой көтерді

25 қазан- Республика күніне орай Меркі ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Тәтті ауылынан ашылған спорт нысаны жеке инвестиция есебінен бой көтерді. Туған жеріне туын тігіп, ауыл спортының дамуына үлкен үлесін қосуды мақсат етіп, “Алпамыс” балалар мен жасөспірімдер дене даярлық клубын ел игілігіне беріп отырған Тәтті ауылының тумасы Көкебаев Бақыт Керімбайұлы.

Ғимараттың ашылуына аудан әкімінің орынбасары Ернар Ғалиұлы, ауыл ақсақалдары, тұрғындар қатысып, лентасын қиды.

Жаңа нысанда 5 спорт секциясы бар. Қазақша күрес, еркін күрес, үстел теннисі, бокс, қол күресі секілді спорт түрлерімен шұғылдануға жағдай жасалған.

Сонымен қатар, жаңа спорт нысанында 17 маман жұмыспен қамтылды.

Ауыл тұрғындары демеуші Бақыт Керімбайұлына өз ізгі-ниеттерін білдіріп, шапан жауып, ат мінгізіп құрмет көрсетті.