Жамбыл жаңалықтар

«Өмір – ең жоғары құндылық» тақырыбында іс-шара өтті

Іс-шараның мақсаты – адам өмірінің алмастырылмайтын құндылық екенін ұғындыру

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты № 59 мекемесінде ағымдағы жылдың 13 ақпанында Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің жұмыс жоспарына сәйкес, сотталғандардың психологиялық көмек алу құқығын іске асыру мақсатында іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Аталған жоспарға және ҚАЖ комитетінің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің психологиялық қызметін жетілдіру бағытына сәйкес, мекеме психологтарының ұйымдастыруымен сотталғандарға арналған «Өмір – ең жоғары құндылық» тақырыбында іс-шара өткізілді.

Іс-шараға М.Х. Дулати атындағы Тараз университеті Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің «Әлеуметтік психология» кафедрасының аға оқытушысы,педагогика және психология магистрі Байбосынова Раушан Темірғалиевна қатысып, «Тірек нүктесі: өмір құндылық ретінде» тақырыбында дәріс оқып, тренинг жаттығуларын жүргізді.

Іс-шараның мақсаты – адам өмірінің алмастырылмайтын құндылық екенін ұғындыру, оның қасиеттілігін түсіндіру және әрбір тұлғаның өз өміріне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыру. Сонымен қатар, өмірдің мәнін іздеуге, қиындықтарды жеңе білуге және позитивті көзқарас қалыптастыруға бағыт беру көзделді.