Мойынқұм ауданы әкімінің міндетін атқарған Сәбит Төлегенов сотталды
Сонымен қатар аудандағы бірнеше лауазымды тұлғаға айып тағылған
Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық соты парақорлық жасағаны үшін аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы , қаржы бөлімінің басшысы және жеке компания өкілі сотталды, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Антикордың дерегінше, Төлегенов пара алғаны, ал Әділбаев мемлекеттік сатып алу саласындағы жұмыс жөніндегі функцияларды лауазымдық міндеттерінен алып тастамағаны және қызмет бойынша жалпы қамқорлығы үшін оған 400 мың теңге сомасында пара бергені үшін кінәлі деп танылған.