Мойынқұмда 45 келі балық ұстаған азамат ұсталды

Аталған дерек бойынша тергеп-тексеру басталған
Жамбыл облысында полиция қызметкерлері балық шаруашылығы инспекциясының өкілдерімен бірлесіп, «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында заңсыз балық аулау дерегін анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz
Ол Мойынқұм ауданы маңындағы көлдердің бірінде ескекті қайықпен, жалпы салмағы 45 келіден астам балықты заңсыз аулап үлгерген.
Еске сала кетейік, ағымдағы жылғы 15 сәуір мен 31 мамыр аралығында Жамбыл облысы аумағында табиғатты қорғауға бағытталған «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде.