Жамбыл жаңалықтар

Наурызбай қажы Тағанұлы қақтығыс болған ауылдағы "Имамдар үйінде" болды

Наурызбай қажы Тағанұлы қақтығыс болған ауылдағы "Имамдар үйінде" болды

Қордай қақтығысынан кейін аталған елді мекенде дін мен тіл мәселесі басты назарға алынғаны белгілі. Бұған дейін өзге ұлт өкілдерін қазақ тіліне үйрету мақсатында арнайы оқыту курстары жанданса, енді күні кеше Сортөбе ауылынан «Имамдар үйі» орталығы ашылды. Жаңа нысанның жұмысымен танысуға Жамбыл облысында жұмыс сапарымен жүрген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы барды. width=

Мұнда облыс имамдары бас қосып, түрлі тақырыптарды талқылайтын болады. Сонымен қатар өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету дәрістері де осында ұйымдастырылады. width=

«Имамдар үйінде» оңалту, бейбітшілік пен келісім бөлмелері, өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету сыныбы, дәрісхана, кітапхана, медициналық пункт және мәжіліс залы қарастырылған. Бұдан бөлек асхана, жуыну бөлмелерімен қатар меймандарға арналған жатақхана да бар.

 width=

Қордай ауданының бас имамы Дәурен Құттыбаевтың айтуынша, «Имамдар үйі» жамағаттың күшімен тұрғызылған екен.

 width=