Жамбыл жаңалықтар

Наурызбай қажы Тағанұлы медресе-колледж жатақханасының лентасын қиды

Наурызбай қажы Тағанұлы медресе-колледж жатақханасының лентасын қиды

Облысымызға арнайы келген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жаңа жатақхананың ашылуына қатысты. Облыстық «Һибатулла Тарази» атындағы орталық мешіттің жанындағы медресе биыл колледж статусын алып, жаңаша бағытта жұмысын бастаған еді. Міне, енді сол медресе-колледждің білім алушылары үшін жаңа жатақхана салынып, бүгін салтанатты түрде ұстаздар мен білім алушыларға есігін ашты.

Жаңа жатақхананың ашылу салтанаты Құран оқумен басталып, жиналған жамағат қол жайып, дұға етті. Тың бастамаға сәттілік тілеп, білім ізденушілер үшін кәсіпкерлердің демеушілігімен бой көтерген жатақхананың құрылысына атсалысқандарға саулық тіледі.

 width=

Айта кетейік, 2 қабатты жатақханада 12 жатын бөлме, 4 сынып бар. Бұл сыныптарда балалар сабаққа дайындалып, қосымша дәріспен шұғылдана алады. Ізденушілердің игілігі үшін кітапхана мен асхана да қажетінше жабдықталған. Гигиеналық бөлмелермен қатар, монша да жасалыпты. Мұнымен қоса, меймандар үшін үлкен күту залы да әдемі ойластырылған. Сонымен қатар, алыстан келіп бала оқытатын ұстаздарға арналған қос пәтер де осында орналасқан. Неігізі 100-ден аса орынға мүмкіндігі бар болғанымен дәл қазіргі уақытта 72 орын дайындалған.

 width=

 

Қамар Рахметуллина