Жамбыл жаңалықтар

Наурызнама: «Жаңару» күнінде қалада көгалдандыру жұмыстары жүргізілді

The final spritzer

Іс-шара аясында тал-дарақ отырғызылды

Жамбыл облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты №58 мекемесінің қызметкерлері Наурызнама онкүндігі аясында көгалдандыру жұмыстарын жүргізді. «Жаңару» күніне орай ұйымдастырылған шарада мекеме қызметкерлері бірлесіп, аумаққа жас көшеттер отырғызды,- деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Көктемгі тазалық пен жаңаруға бағытталған бұл бастама қоршаған ортаны қорғау, экологияны жақсарту мақсатында жүзеге асты. Ұжым мүшелері жасыл желектің көбейіп, ауаның тазаруына өз үлестерін қосу – әр азаматтың борышы екенін атап өтті.

Мекеме аумағында және арнайы белгіленген жасыл желек аймақтарында отырғызылған көшеттер болашақта жайқалып, көлеңке сыйлайтын болады. Ұйымдастырушылар бұл шара жыл сайын жалғасын табатынын айтып, барша тұрғындарды осындай игі істерге атсалысуға шақырды.