«Неге істемеске?». Биыл зейнетке шығатын Байзақтың әкімі әлі де жұмыс істегісі келеді
63 жасқа қадам басқан қарт шенеунік денсаулығының мықты екенін айтады
Биыл зейнеткер атанатын Байзақ ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов алдағы уақытта да басшылық қызметте жүретінін айтты, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Бақыт Қазанбасов Жамбылдағы бақытты да білікті әкімнің бірі. Алғашқы еңбек жолын астық комбинатынан бастаған ол 2017 жылдан бастап қатарынан 3 ауданды басқарды. Ал, биыл Байзақ ауданының әкімі лауазымында зейнетке шықпақ. Бірақ, ақылы дария шенеуніктің қария болуға құлқы жоқ. Қайта сақа саясаткер облыс әкімі басшылық қызмет ұсынса, аянбай ел-жұртым үшін еңбек етемін деп отыр.
Баспасөз мәслихатында есеп берген ол ауданда атқарылған жұмыстарды баяндады.