Жамбыл жаңалықтар

Өнеркәсіп өрге басуда

The final spritzer

Өнеркәсіп өрге басуда

Тараз қаласының өнеркәсіп саласы жыл соңына дейін 272 млрд. 260,2 млн. теңгеге өнім өндірмек. Былтыр бұл көрсеткіш 275 млрд. 280,2 млн. теңге  болған. Ал ауыл шаруашылығы саласында өнім өндіру көлемі 8 млрд. 992,3 млн. теңгені құраған.

Сондай-ақ, 2020 жылы пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 296,4 мың шаршы метрді құрайды.  Бөлшек сауда тауар айналымы 242 млрд. теңгеден асады деп жоспарланып отыр.

Биыл Таразда салықтан түскен түсім де ауыз толтырып айтарлық. Мемлекеттік бюджетке 41,3 млрд. теңге салық  пен өзге де міндетті төлемдер түскен. Оның ішінде,  облыс бюджетіне құйылған салық қаржысы 28,4 млрд. теңге.