Жамбыл жаңалықтар

Оқушыларға 1 541 планшет үлестірілді

Оқушыларға 1 541 планшет үлестірілді

25 қыркүйек күні мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы атанған «Сервис Маг» компаниясы облыстық білім басқармасына 1541 планшет жеткізді. Алдағы уақытта планшеттер білім бөлімдеріне таратылатын болады. Компьютерлік техника бірінші кезекте осал топтағы отбасылардың балаларына уақытша пайдалануға берілетін болады. Айта кету керек, 23 қыркүйек күні мемлекеттік сатып алу конкурсының жеңімпазы атанған «Barys system» компаниясы 2756 моноблок жеткізсе, «Best buy 01» компаниясы 1200 ноутбук жеткізді. Облыстық білім басқармасынан құрылған арнайы мониторингтік топ мүшелері компьютерлік техникаларды жеткізу және тарату бойынша жұмыстарға қатысып, компьютерлердің техникалық сипаттамаға сәйкестігін текстерді. Компьютерлік техникаларды сатып алу, тарату жұмыстары ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облыстық департаменті және «Адалдық алаңы» жобалық офисінің тікелей бақылауында.