Жамбыл жаңалықтар

Облыс әкімі ардагерлер арасындағы облыстық спартакиаданың ашылуына қатысты

The final spritzer

Облыс әкімі ардагерлер арасындағы облыстық спартакиаданың ашылуына қатысты

Тараз қаласында Ұлы Жеңістің 78 жылдығына және Ардагерлер ұйымының құрылғанына 36 жыл толуына орай Жамбыл облысының ардагерлері  арасындағы облыстық спартакиаданың салтанатты ашылуы өтті.

Шараға облыс әкімі Нұржан Нұржігітов пен облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркімбек Солтыбаев қатысты.

Өз кезегінде Еркімбек Солтыбаев та өз лебізін жеткізді. Айта кетейік, спартакиадаға өңіріміздің түкпір-түкпірінен 300-ге жуық ардагер ойыншыдан құралған 11 команда қатысуда. Олар волейбол, үстел тенисі, дойбы, асық ату, шахмат, тоғызқұмалақ, бильярд, дартс, ләңгі секілді спорт және ойын түрлерінен сынға түседі. Нұржан Нұржігітов «Тараз-Арена» спорт кешенің іші-сыртын аралап, жағдайымен танысты. Іргесі қаланғанына 10 жыл болған нысанның кейбір кем-кетіктерін реттеу бойынша жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.