Жамбыл жаңалықтар

Облыс әкімі Байзақ ауданының тұрғындарымен кездесті

Жиында бірқатар мәселе көтерілді

Бүгін Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Байзақ ауданының тұрғындармен кездесу өткізді, деп хабарлайды Jambylinfo.kz.

Жиында аймақ басшысы баяндама жасап, облыс көлемінде атқарылған жұмыстар мен қол жеткізілген көрсеткіштерге тоқталды.

Одан кейін аудан әкімі Олжас Баққараев ауданда ауызсумен қамту деңгейі 100 пайызды, газбен қамту көрсеткіші де 100 пайызды құрайтынын атап өтті. Сондай-ақ жол инфрақұрылымының сапасы 98 пайызға жеткенін айтып, биыл өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған бірқатар ауқымды жобалар іске асырылатынын жеткізді.

Сондай-ақ, басқосуда ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер талқыланып, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері мен өтініш-тілектері тыңдалды.

Жергілікті халық мектептер мен мәдениет үйіне күрделі жөндеу жүргізу, ойын алаңшаларын салу, егін науқанына дайындық, қоғамдық көліктер санын арттыруға қатысты сауалдарын жолдады.

Кездесу соңында облыс әкімі азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, көтерілген мәселелерге қатысты нақты жауаптар берді.