Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев жамбылдық патриот азаматтарды марапаттады
Оларға аймақ басшысының «Құрмет» грамотасы мен «Алғыс» хаты табысталды
Таразда өткен «Туған жерім менің – Қазақстаным!» атты патриоттық форумы аясында Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев ерлік істері арқылы отансүйгіштікті дәріптеп жүрген белсенді азаматтарды марапаттады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Облыс әкімі өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбиелеудегі Мемлекеттік рәміздердің маңыздылығын атап өтіп, ел мүддесі үшін тер төгіп жүрген еңбек адамдарына шынайы алғысын жеткізді.
Осылайша, 4 маусым — Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні орай, патриотизмді нығайтуға, облыстың қоғамдық-саяси өмірінің дамуына қосқан үлесі үшін М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма мүшесі, ғылым және цифрландыру жөніндегі проректоры Сейтжан Орынбаев, Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясы тарих пәнінің мұғалімі Анар Базарбайқызы бастаған бір топ азаматтар облыс әкімінің «Құрмет громатасы» мен «Алғыс» хатына ие болды.