Облыс әкімі «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі кеңейтілген отырысына қатысты
Облыс әкімі «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі кеңейтілген отырысына қатысты
«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі кеңейтілген отырысы өтті. Оған Жамбыл облысының әкімі, партияның облыс бойынша филиал төрағасы Бердібек Сапарбаев бастаған өңірдегі Саяси кеңес, бюро мүшелері, қоғамдық кеңес төрағалары және басқалар қатысты. Саяси кеңестің кеңейтілген отырысында Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының Төрағасы өкілеттігін ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа тапсырды. Сондай-ақ, басқосуда Партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Сайлауалды бағдарламасының орындалу барысы қаралды. Ол бойынша ҚР Премьер-Министрі, ҚР Парламент Мәжілісінің спикері баяндама жасады.