Жамбыл жаңалықтар

Облыстың бас ветеринары И. Келлердің шағымы негізсіз екенін айтты

Облыстың бас ветеринары И. Келлердің шағымы негізсіз екенін айтты

Жамбыл облысының ветеринария басқармасы «Ақтөс» қорының жетекшісі Ирина Келлердің шағымына жауап берді.

Ветеринария басқармасының басшысы Ербол Жиенқұловтың айтуынша, еріктінің бірнеше БАҚ-та жариялаған айыптауы негізсіз және дәлелденбеген.

Ол үйсіз жануарларды күтіп-ұстауға бюджеттен қаражат қарастырылмағанын атап өтті.

Ветеринария басқармасының басшысы жануарларды қорғаушылармен, оның ішінде Ирина Келлермен бірнеше рет кездесіп, өзекті мәселелерді талқылағанын атап өтті.

– Біз волонтерлердің алаңдаушылығын жақсы түсінеміз, сондықтан біз қаңғыбас жануарларға қажетті және тиісті жағдайлар жасауға тырысамыз. Алайда, аулау – бұл біздің жұмысымыз, біз оны орындауымыз керек. Күн сайын бізге тараздықтардан аулауға қатысты 15-ке жуық өтініш келіп түседі. Қаңғыбас иттердің қабуы мен шабуылдары туралы көптеген хабарламалар келеді. Егер қаңғыбас жануарлар тым көбейіп кетсе, онда олардың адамдарға шабуылын айтпағанның өзінде, түрлі жұқпалы аурулардың таралу қаупі туындауы мүмкін, – деп түйіндеді ол.

 

Жамбыл облысының ветеринария басқармасы