Жамбыл жаңалықтар

Облыстық коалиция мүшелері  «Жамбыл Рем Сервис» ЖШС қызметкерлерімен кездесті

Жиында бірқатар ой-ұсыныстар ортаға салынды

Бүгін облыстық коалиция мүшелері  «Жамбыл Рем Сервис» ЖШС қызметкерлерімен кездесіп, жаңа Ата Заң жобасын талқылады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Басқосуда реформалар жөніндегі Конституциялық комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын жариялағаны, жоба 11 бөлім мен 95 баптан тұратыны айтылды. 

Басты құжат мемлекеттің адамға бағдарлану сипатын күшейтуді, Қазақстан халқына тән негізгі құндылықтар мен қағидаттарды айқындауды, саяси институттар жүйесінің тиімділігін арттыруды көздейтіні де түсіндірілді. 

Өз кезегінде сала өкілдері жаңа Ата Заң жобасымен танысқанын, әрі қолдайтынын жеткізді.

Бұдан кейін бірқатар ой-ұсыныстар ортаға салынып, ашық пікір алмасты.