Жамбыл жаңалықтар

«Қолтаңбалар қолдан жасалған»: Таразда 60 млн теңгеге жуық бюджет қаражаты заңсыз игерілген

Бұл туралы прокуратура мәлімдеді

Тараз қаласының прокуратурасы «Т» ЖШС қызметін тексеру барысында көппәтерлі тұрғын үйдің ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізу үшін жасалған төртжақты келісімшартта тұрғындардың қолтаңбаларының қолдан жасалғанын анықтады, деп хабарлайды Jambylinfo.kz

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес кондоминиум нысанының ортақ мүлкіне күрделі жөндеу жүргізуге мердігер ұйымды таңдау үй кеңесінің құзыретіне жатады.

Алайда бұл жағдайда тұрғындарға мердігерді таңдауға мүмкіндік берілмей, олардың қолтаңбалары қолдан жасалған.

Аталған қылмыстық істі тергеу Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырылды.