Қордай халқына Әбілязов заңсыз алған жер телімдері қайтарылды
Бұл туралы Жамбыл облысының сотынан хабарлады
Жамбыл облыстық прокурордың "Ноғайбай-Kazexim" ЖШС-нің ЖСО-ның электрондық аукцион қорытындылары туралы хаттамаларын заңсыз деп тану және олардың күшін жою туралы шағымын қанағаттандырудан бас тарту туралы істі қарады, деп хабарлайды jambylinfo.kz.
Сот келтірген дерекке сүйенсек, 2006 жылы "БТА Банк" АҚ мен "Қазэксим" ЖШС арасындағы кредиттік шарт негізінде жалпы көлемі 14 мың гектардан асатын 16 жер учаскесі "Қазэксим" ЖШС-нің қарызын қамтамасыз ету үшін банкке кепілге берілген. Жер пайдаланушылары несие шарты мен жер учаскелерінің кепілге берілгені туралы 2010 жылдың қыркүйек айында білген.
Сонымен қатар, 2011 жылғы соттың шешімімен "Қазэксим" ЖШС-нен банктің пайдасына жауапкерлердің мүлкінен жолымен 3 млрд.теңгеден астам қарыз өндірілген.
Айта кету керек, Мемлекет басшысы елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару инвестицияның тағы бір қайнар көзі болуға тиіс екенін айтқан еді.
Президент түскен қаражатты еліміз үшін маңызы зор жобаларды жүзеге асыруға пайдалану қажет екеніне назар аударған еді.