Жамбыл жаңалықтар

Қордайда былтыр бюджет қаражаты 99,9 пайызға игерілген

Осылайша әкімдік 1,5 миллион теңгені үнемдеген

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде брифинг берген Қордай аудынының әкімі Бегзат Болатбеков ауданда атқарылған жұмыс пен алдағы жоспарларын айтты,деп хабарлайды jambylinfo.kz

Бегзат Болатбековтың айтуынша, Қордайда былтыр 51,2 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Сонымен қатар, 3 елді мекенде  жалпы 52,6 шақырым газ құбыры салынып, 2 520 тұрғын, 614 аула газбен қамтамасыз етілген. 

Сонымен қатар, аудандағы ұлттық жоба бойынша атқарылар шаруаны жіпке тізген Бегзат Болатбеков  «Бастау Бизнес» жобасы бойынша 65 азамат оқуын аяқтағанын айтты. Осы орайда жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік грант алуға 95 азаматқа 140,3 миллион теңге бөлінді.  «Ауыл аманаты» жобасы да жемісті іске асып жатыр.