Жамбыл жаңалықтар

Қордайда танысының 1 млн-ға жуық теңгесін ұрлаған әйел ұсталды

Қордайда танысының 1 млн-ға жуық теңгесін ұрлаған әйел ұсталды

Алматы облысынан Қордайға келген әйел танысының үйінен миллион теңгедей қаражатын жымқырып кеткен. Ақтөбе облысында әйел қызын шенеунікпен жыныстық байланысқа түсуге мәжбүрлеген Алматыда медбике інісімен бірге вакцина паспортын сатумен айналысқан Танысының телефонын сұрап алып, басқаға сатып жіберген елордалық ұсталды Алматыда қыз-келіншектерді пышақпен қорқытып зорлаған қылмыскер сотталды Жамбыл облысының Қордай ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне 35 жастағы Гвардейск кентінің тұрғыны хабарласып, Алматы облысынан келген 35 жастағы бірге тұратын әйелге қатысты шара қолдану туралы шағымданған. Аталған әйел жәбірленушінің үйінде бола тұра, еркін қол жеткізу жолымен оның әмиянынан және ұсақ ақша салатын жинақ қобдишасынан ақша қаражатын жасырын ұрлап, содан кейін қашып кеткен. Осылайша шағымданушыға жалпы сомасы 960 мың теңге көлемінде материалдық залал келтірілді. Аталған қылмысқа қатысты ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. «Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында осы қылмыстық іс бойынша күдікті ұсталып, Қордай ауданының полиция бөліміне жеткізілді. Ол ұрлық жасағанын ішінара мойындады. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде», – деді Қордай АПБ бастығының орынбасары Дархан Рысдәулетов.